Жаңартуларды орнату үшін ережелер қосу

Барлығын жаю | Барлығын жию

Бұл функционалдық, Осалдықтар мен патчтарды басқаруға арналған лицензия болған кезде қолжетімді.

Бағдарламалық жасақтама жаңартуларын орнату немесе Қажетті жаңартуларды орнату және осалдықтарды түзету тапсырмасын қолдана отырып, бағдарламалардағы осалдықтарды түзету кезінде жаңартуларды орнату ережелерін көрсету қажет. Бұл ережелер орнатылатын жаңартуларды және түзетілетін осалдықтарды анықтайды.

Нақты параметрлер барлық Windows Update жаңартулары үшін немесе үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасының жаңартулары үшін ереже қосатыныңызға байланысты (яғни "Лаборатория Касперского" немесе Microsoft шығармаған бағдарламалар). Windows Update жаңартулары немесе үшінші тарап бағдарламаларының жаңартулары үшін ереже қосқанда, жаңартуларды орнатқыңыз келетін бағдарламалар мен бағдарламалардың нұсқаларын таңдауға болады. Барлық жаңартулар үшін ереже қосқанда, сіз орнатылатын жаңартуларды және жаңартуларды орнату арқылы түзетілетін осалдықтарды таңдай аласыз.

Жаңартуларды орнату ережесін келесі жолдармен қосуға болады:

Барлық жаңартуларге ережені қосу үшін:

  1. Қосу түймесін басыңыз.

    Ережені жасау шебері іске қосылады. Шебердің жұмысын жалғастыру үшін Келесі түймесін басыңыз.

  2. Ереже түрі бетінде Барлық жаңартуларға арналған ереже тармағын таңдаңыз.
  3. Ашылмалы тізімдегі Жалпы критерийлер терезесінде келесі параметрлерді көрсетіңіз:
    • Орнатылатын жаңартулар жиынтығы
    • Қауіптілік деңгейі келесіге тең не одан жоғарырақ осалдықтарды түзету
  4. Жаңартулар терезесінде орнатылатын жаңартуларды таңдаңыз:
    • Барлық жарамды жаңартуларды орнату
    • Тек тізімдегі жаңартуларды орнату
      • Таңдалған жаңартуларды орнату үшін керек бағдарламалардың алдыңғы жаңартуларының барлығын автоматты түрде орнату
  5. Осалдықтар терезесінде, көрсетілген жаңартуды орнатумен түзетілетін осалдықтарды таңдаңыз:
    • Қалған критерийлерге сай барлық осалдықтарды жабу
    • Тек тізімдегі осалдықтарды жабу
  6. Атауы терезесінде қосылатын ереженің атауын көрсетіңіз. Ереже атауын кейінірек, Параметрлер бөлімінде, жасалған тапсырманың сипаттары терезесінде өзгертуге болады.

Ереже жасау шебері өз жұмысын аяқтағаннан кейін, ереже қосылады және тапсырма жасау шеберінің ережелер тізімінде немесе тапсырманың сипаттарында көрсетіледі.

Windows Update жаңартуларына ережені қосу үшін:

  1. Қосу түймесін басыңыз.

    Ережені жасау шебері іске қосылады. Шебердің жұмысын жалғастыру үшін Келесі түймесін басыңыз.

  2. Ереже түрі бетінде Windows Update жаңартуларына арналған ереже тармағын таңдаңыз.
  3. Жалпы шарттар терезесінде келесі параметрлерді конфигурациялаңыз:
    • Орнатылатын жаңартулар жиынтығы
    • Қауіптілік деңгейі келесіге тең не одан жоғарырақ осалдықтарды түзету
    • MSRC бойынша қауіптілік деңгейі келесіге тең не одан жоғарырақ осалдықтарды түзету
  4. Бағдарламалар терезесінде жаңартуларды орнатқыңыз келетін бағдарламалар мен бағдарламалардың нұсқаларын таңдаңыз. Әдепкі бойынша барлық бағдарламалар таңдалған.
  5. Жаңартулардың санаттары терезесінде орнату үшін жаңарту санаттарын таңдаңыз. Бұл санаттар Microsoft Update каталогымен бірдей. Әдепкі бойынша барлық санаттар таңдалған.
  6. Атауы терезесінде қосылатын ереженің атауын көрсетіңіз. Ереже атауын кейінірек, Параметрлер бөлімінде, жасалған тапсырманың сипаттары терезесінде өзгертуге болады.

Ереже жасау шебері өз жұмысын аяқтағаннан кейін, ереже қосылады және тапсырма жасау шеберінің ережелер тізімінде немесе тапсырманың сипаттарында көрсетіледі.

Үшінші тарап бағдарламаларын жаңарту ережесін қосу үшін:

  1. Қосу түймесін басыңыз.

    Ережені жасау шебері іске қосылады. Шебердің жұмысын жалғастыру үшін Келесі түймесін басыңыз.

  2. Ереже түрі бетінде Үшінші тарап жаңартуларға арналған ереже тармағын таңдаңыз.
  3. Жалпы шарттар терезесінде келесі параметрлерді конфигурациялаңыз:
    • Орнатылатын жаңартулар жиынтығы
    • Қауіптілік деңгейі келесіге тең не одан жоғарырақ осалдықтарды түзету
  4. Бағдарламалар терезесінде жаңартуларды орнатқыңыз келетін бағдарламалар мен бағдарламалардың нұсқаларын таңдаңыз. Әдепкі бойынша барлық бағдарламалар таңдалған.
  5. Атауы терезесінде қосылатын ереженің атауын көрсетіңіз. Ереже атауын кейінірек, Параметрлер бөлімінде, жасалған тапсырманың сипаттары терезесінде өзгертуге болады.

Ереже жасау шебері өз жұмысын аяқтағаннан кейін, ереже қосылады және тапсырма жасау шеберінің ережелер тізімінде немесе тапсырманың сипаттарында көрсетіледі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Үшінші тарап бағдарламаларын жаңарту

Сценарий: Үшінші тарап бағдарламаларындағы осалдықтарды анықтау және түзету

Басына оралу